Шымкентте тың бизнес-жоба іске қосылды

1020

Шымкентте тың бизнес-жоба іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлер палатасы жаңа жобаны іске қосты.

Енді палатаның мамандары базарлардағы сатушылар мен шағын кәсіпкерлерге түрлі кеңестер беретін болады. Ол үшін Шымкент қаласында орналасқан "Айна" мен "Самал" сауда орталықтарында кеңес берушілер кабинеті ашылды. Онда заңгерлер, есепшілер, салықтық заңнама мамандары Шымкент базарларындағы жұмысшыларға барлық мәселелер бойынша дәл жұмыс орнында ақыл-кеңес бере алады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кабинеттер аптасына екі рет жұмыс істейді. Мұндай кабинеттердің қажеттілігі кәсіпкерлердің есеп-қисап жасау, салық төлемдерін төлеу кезінде қиындықтарға жиі душар болуынан туындап отыр дейді Кәсіпкерлер палатасы. Сондықтан мекеме халық арасына барып, оларға тегін кеңес беру қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу