Шымкентте үлкен шатқалдың іші саябаққа айналады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Құны 310 млн теңгеге бағаланған демалыс орнының құжаттары мемлекеттік сараптаудан өткен.
"Бәйдібек би және С. Бәйтереков көшелерінің ортасындағы сайдың ішінде субұрқақ, шулы әуен болмайды. Себебі жақын маңда қорым бар. Сол себепті тек серуендеп демалатын жер болады, яғни шатқал есебінде болады", – дейді қалалық экономика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бектұрсынов.
Естеріңізге салар болсақ, қалада екі жыл бұрын "Шатқал" бағдарламасы қолға алынған еді. Шаһар аумағындағы 6 шатқалға 83 мыңнан астам көшет отырғызылған болатын.