Шымкентте ұшақ жолаушысы әуекомпания қызметкеріне шабуыл жасады

419

Құқық бұзушыға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды.   

Шымкентте ұшақ жолаушысы әуекомпания қызметкеріне шабуыл жасады Фото: Inbusiness.kz

Шымкент әуежайында ұшақ жолаушысы әуекомпания қызметкеріне шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Air Astana әуекомпаниясының 22 жастағы өкілі "Шымкент-Алматы" бағытындағы ұшақ жолаушысына шағым түсірген.

"Жолаушы әйел рейстің кешігуі мен уақыттың ауысуына байланысты дөрекілік танытып, әуекомпания қызметкеріне балағат сөздер айтқан. Бұдан бөлек ол жанжал кезінде супервайзердің оң қолының білегін көгертіп, дене жарақатын келтірді. Мән-жайды анықтау барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтады", - делінген хабарламада.

Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК -нің 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар әкімшілік істер қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу