Шымкентте 31 жастағы әйел үшем босанып, 7 баланың анасы атанды

175

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді. 

Шымкентте 31 жастағы әйел үшем босанып, 7 баланың анасы атанды Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-ші аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мерзімінен бұрын туған сәбилер алғашқы 3 тәулік бойы жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 

Қыз балаға – Айым, ал ұл балаларға – Нұрасыл, Бекасыл деген есім қойылды. 

– Нәрестелерге тыныс алу қолдауы көрсетіліп, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы қадағаланды. Кейін олардың жағдайы тұрақталған соң, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылып, ем-дом мен арнайы күтім жалғасты, – делінген хабарламада.

6 қаңтар күні дүниеге келген үшемдер салмақ қосып, әрқайсысы 2 300 грамға дейін жеткен. 

Дәрігерлер үшемдердің дамуы тұрақты екенін атап өтті. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестелердің жағдайы қалыпты. Уақытылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде сәбилер өмірге сәтті бейімделіп келеді. 

Айта кетейік, үшемдерді үйінде 4 бауыры асыға күтіп отыр. Анасы декреттік демалыста болса, әкесі құрылыс саласында еңбек етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу