Шымкентте үшінші Автоматтандырылған газ бөлу станциясы салынады

1508

Шымкентте үшінші Автоматтандырылған газ бөлу станциясы салынады

Шымкентте үшінші Автоматтандырылған газ бөлу станциясы салынады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Қазіргі уақытта қала халқының 91,6% табиғи газбен қамтылған. Бұл көрсеткішті арттыру үшін 2019-2020 жылдары үшінші Автоматтандырылған газ бөлу станциясы салынады. Осы станция іске қосылған соң халықтың 100%-ы газбен қамтамасыз етілмек", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетсек, қазіргі уақытта орталықтандырылған ауыз сумен қала халқының 93%-ы қамтылған. Осы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін министрліктермен бірлесіп жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу