Күдікті өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған: жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары вейптердің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу