Шымкентте заңсыз балық аулағандар ұсталды

507

Браконьерлерге 120 750 теңге айыппұл салынды.

Шымкентте заңсыз балық аулағандар ұсталды Фото: Polisia.kz

15 сәуірден бастап Шымкент ҚПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобы мен аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның мақсаты – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде, балық қорғау органдарымен бірлесіп, қала аумағында заңсыз балық аулау, өткізу, сатып алу және тасымалдауды анықтау, жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу екеін айта кеткен жөн.

 Заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 120 750 теңге айыппұл салынды. 

Айта кетсек, республика көлемінде қолға алынған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы 30-мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу