Шымкентте заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды

144

Сотталушылар бірнеше дроппердің есепшоттарын пайдаланған.

Шымкентте заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды Фото: gov.kz

Шымкенттің екі тұрғыны құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылдың қаңтар айынан бастап былтыр маусымға дейін Шымкент қаласының аумағында "Тик Ток" және "YouTube" әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфир арқылы "тринька" және "зарик" деп аталатын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. 681 226 532 теңге қылмыстық табысқа ие болған. Оның ішінде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомасын шегергенде өздеріне 93 792 743 теңге қалған", – дейді сот.

Сот екі сотталушыны Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, әр қайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу