Шымкентте жалдамалы үйі өртенген көп балалы анаға қазақстандықтар 22 миллион теңгеге екіқабатты үй сыйлады

500

Небәрі сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.  

Шымкентте жалдамалы үйі өртенген көп балалы анаға қазақстандықтар 22 миллион теңгеге екіқабатты үй сыйлады Фото: otyrar.kz

Шымкентте қыс ішінде 6 баласымен далада қалған жалғызбасты анаға ақша жинап, екі қабатты үй сыйлады. Әйелдің бала-шағасымен жалдап отырған үйі өртеніп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.tv-ға сілтеме жасап.

"Мен өте қуаныштымын. Бұл - менің балаларымның бақыты. Өз баспанамызға қол жеткіздік. Маған көмектескен қарапайым халыққа, барша жанға алғыс айтамын. Осы үйдің қасынан өтіп бара жатып, менікі болса ғой деп армандағанмын. Енді менің арманым орындалды. Балалар үйге қоныстанып, бөлмелерді бөліп алды. Өртеніп кеткен жалдамалы үйді "Елге кызмет" қоры толық қалпына келтірді. Оларға үлкен рақмет", – дейді көпбалалы ана Назира Дүйсебаева.

Тұрғын үй алабындағы жаңа үйді отбасы 19,5 миллион теңгеге сатып алды.

"Жиналған ақшаға тұрмыстық техника, кілемдер, киім-кешек сатып алынды. Жиналған қаражат қарапайым халықтың ақшасы, көмегі", – дейді кәсіпкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу