Шымкентте жалған ақша жасап келген екі тұрғын ұсталды

421

Күдіктілер 84 мың долларды өткізіп жатқанда қолға түсті. 

Шымкентте жалған ақша жасап келген екі тұрғын ұсталды Фото: видео скриншот

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шетел валютасын өткізген қолдан ақша жасаушылардың заңсыз қызметін әшкерледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген кешенді жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша өткізу кезінде бір топ тұлға ұсталды.

Күдікті екі адам соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамалды.

Бұған дейін, Қырғыз Республикасының мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған еді.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының мемлекеттік ҰҚК жалған доллар өткізу күдігі бойынша Қазақстан азаматын ұстады.

Ол адамның Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайына қатысы бар.

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу