Шымкентте жалған шот-фактура жазумен айналысқан М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты сот шешімі шықты.
ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалған құжаттың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды.
"Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталған тұлғаның атына тіркелген "Toyota" маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу