Шымкентте жалғызбасты ана медициналық университетке қарсы сотта жеңіске жетті

131

Сот дәрігер әрі жалғызбасты ананы қорғады.

Шымкентте жалғызбасты ана медициналық университетке қарсы сотта жеңіске жетті Фото: canva

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына талап қоюшы "Қ." АҚ-ның жауапкер С.-ға мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жұмсалған оқу шығынын және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюын берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талап қоюшы өзінің талабын жауапкер ауылдық жерде орналасқан медициналық мекемеде үш жыл жұмысты өтеу міндетін тиісті түрде орындамағанымен негіздеген. 

Сотта анықталғандай, жауапкер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-ны ауыл жастары қатарынан шыққан азамат ретінде "Жалпы медицина" мамандығы бойынша аяқтаған. 

Жауапкер ЖОО-ның жолдамасы бойынша аудандық ауруханада 2017 жылғы қыркүйек айынан 2018 жылғы сәуір айына дейін дәрігер болып жұмыс жасаған. 

Жауапкер 2018 жылғы қыркүйек айынан 2020 жылғы шілде айына дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ-да резидентурада оқып, оны аяқтаған.

Сонымен қатар жауапкер 2019 жылы туған кәмелет жасына толмаған баланың жалғысбасты анасы болып табылады. 

Жауапкер 2023 жылдан осы уақытқа дейін генетик-дәрігер ретінде жұмыс жасайды. 

Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға алып, жауапкер дәлелді себептермен, яғни мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша резидентурада оқуына және жүктілік пен босану, әрі қарай баланы үш жасқа дейін күтіп бағуына байланысты, жұмысты өтеу міндетін орындауға мүмкіндігі болмаған. 

Осы ретте, жауапкер қалған мерзімге ауылдық жерде орналасқан медициналық мекемеде жұмысты жасап, міндеттемесін өтеуге, ал талап қоюшы алдағы уақытта жауапкер өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, қайталап сотқа жүгінуге құқылы. 

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған. 

Шешім заңды күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу