Шымкентте жалпы құны 38 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосылмақ

753

Қаладағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,1% артты.

Шымкентте жалпы құны 38 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосылмақ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға артқан. 
"Ал өңдеу өнеркәсібінде 251 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 10 %-ға өсті. Өнеркәсіп – қала экономикасының негізгі құраушы саласы. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 24,6%-ды құрады. 

Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд теңгеге 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады", – деді мегаполис басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу