Шымкентте жаңа ағаш түрлері көбейді
30 Қараша 2020 23:37 245

Әсіресе соңғы уақытта Оңтүстікте жоқ тұқымдар көбеюде. Бұл жетістікке осы салаға ғылымның араласуы себеп болған. Өйткені, ғалымдар өсімдік санын көбейтіп ғана қоймай шеттен әкелінген өсімдіктердің сонда бейімделіп кетуіне көмектеседі. Осындай еңбектің арқасында қалада арша, шырша, сирек кездесетін алма түрлері мен бокс ағаштары, тіпті шынарлы емендер өсірілуде.