Шымкентте жаңа форматты пошта бөлімшесі ашылды

1015

Шымкентте жаңа форматты пошта бөлімшесі ашылды

Жаңартылған  Орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен айырбастау пункті орналасқан, деп жазады strategy2050.kz.

Орталық залда клиенттерге қызмет көрсету форматы өзгертілді, қолайсыз кабиналар орнына - сәлемдемелер супермаркеті ашылды. Бұл формат өзін танытты. Ол компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өтімділік қабілетін жоғарлатады, клиенттер үшін – сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады.

"Бұл бөлімшенің жаңғыртуы - Самұрық-Қазына қорының трансформация бағдарламасының іске асыру кезеңдерінің бірі, арқасында іске қосылды. Сонымен қатар Орталық бөлімшенің жаңғыртуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының адам саны 2000 көп болатын, 20 ауылдық-елді мекендер жаңа пошталық бөлімшелері ашылды. Бұл елді мекендерде әкімшілік жоқ, осылайша "Қазпошта" ауылдық тұрғындарға қала және ауылдар ортасында көпірі болып өз миссиясын орындауда", - деді Оңтүстік Қазақстан облысы "Қазпошта" АҚ филиалы директоры Алия Сүгірбаева .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу