Шымкентте жаңа перзентхана салынады

215

Шымкентте ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр.    

Шымкентте жаңа перзентхана салынады Фото: canva.com

Бұл туралы әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Ақжайық шағын ауданында 200 орынды перинаталдық орталық салынбақ.

Айта кету керек, бүгінде мегаполисте 4 бала босану орталығы бар.

"Біз перинаталдық орталық салуды қолға алмақшымыз. Оның жобалық сметалық жобалау құжаты қолға алынып жатыр", – деді Шымкент қалалық әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек.

Сонымен қатар, биыл Нұрсәт шағынауданындағы перинаталдық орталыққа қосымша корпус салынады және қан орталығында да қосалқы ғимарат бой көтермек.

Бұдан бөлек, қалалық диагностикалық орталық та кеңейтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу