Шымкентте жаңа салынған тұрғын үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексеріледі

406

Аталған сынақ Dala construction ЖШС тапсырысымен өткізілді.

Шымкентте жаңа салынған тұрғын үйлердің жер сілкінісіне төзімділігі тексеріледі Фото: gov.kz

Шымкентте Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының бастамасымен ірі панельді 9 қабатты тұрғын үйге вибродинамикалық сынақ жүргізілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісіне төзімділікті сынау барысында отандық сәулетшілер әзірлеген жаңа дизайн схемасы тексерілді. Бұл тұрғын үйдің конструктивті жүйесі Қазақстанда алғаш рет қолданылды. 

Жаңа тетіктің бұрынғыдан айырмашылығы аралас еден плиталарын қолданудан тұрады, бұл көпқуысты және монолитті плиталар. Жер сілкінісіне төзімді құрылыс нормалары талаптарының ережелеріне сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылымдық жүйелері, сондай-ақ жаңа материалдар мен конструкциялар құрылыста жаппай қолданылғанға дейін тиісті сынақ жұмыстарынан өтуі керек.

"Бішкектен жаңа құрылымдық жүйелердің қалай әрекет ететінін көру үшін арнайы келдік. Мұндай сынақтар есептелген модельдеуді дәлелдейді және оны тек "ҚазҚСҒЗИ" жүргізе алады. Менің ойымша, кез келген ғимаратты сынақтан өткізуге болады. Тіпті өткізу қажет те",деді Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығының президенті Ұлықбек Бегалиев.

Тұрғын үйді сынау бірнеше кезеңнен тұрды, оның әр кезеңінде ғимарат белгіленген амплитудаға дейін біртіндеп ұлғайып, тербелістер байқалды. Конструкцияларды сынаудың тербеліс әдісі түрлі сейсмикалық әсерлер кезінде конструкциялардың есептік схемасын анықтауға және сынақ зерттеулермен салыстыруға нақты мүмкіндік береді.

"Құрылыс нормалары бойынша кез келген құрылыс материалдары, нысандар сейсмикалық төзімділікке сыналуға тиіс. Мұндай сынақ Шымкентте екінші рет өткізіліп отыр, оның нәтижелері зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады", деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.

Сынақтың негізгі мақсаты Шымкент қаласында сейсмикалығы 7-8 балл болатын алаңдарда тоғыз қабатты ірі панельді тұрғын үйлерді салу мүмкіндігі бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу