Шымкентте жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

255

Шымкент қалалық перинаталды орталығында салмағы небәрі 1000 граммдық нәрестенің жүрегіне күрделі операция жасалды.

Шымкентте жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды Фото: canva.com

Нәрестенің туғанына нәбәрі 45 күн болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

25 аптасында дүниеге келген шақалақ 2 наурыз күні орталықтың нәрестелер реанимация бөліміне жеткізілген. Сәбидің салмағы небәрі 655 грамм, бойы 28 сантиметр болған. Оған "ашық артериалды өзек" (туа бітті жүрек ақауы) диагнозы қойылды. Сондай-ақ, респираторлық дистресс-синдромы да анықталған.

Күрделі отаны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургы Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталды орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Абдраимов жасап шықты.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы бірқалыпты ауыр. Ол перинаталды орталық бас дәрігерінің неонаталды қызмет бойынша орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шабетов бастаған неонаталды реанимация бөлімі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.

"Нәрестенің жағдайы өте ауыр болғандықтан, бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Күрделі диагнозға байланысты перинаталды орталықтың дәрігерлері қаладағы кардиохирург мамандармен бірнеше мәрте кеңес өткізді. Сәбидің жасы 45 күнге толып, салмағы 1 келіге жеткен кезде дәрігерлер жүрекке операция жасауға шешім қабылдады. Ашық артериалды өзекке жасалған күрделі ота сәтті аяқталды", – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу