Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу бағасы 12 %-ға қымбаттайды

745

Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу бағасы 12 %-ға қымбаттайды

Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу бағасы бірден 12 пайызға көтеріледі.  Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Бақтияр Аталықов мәлемдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Департамент басшысының айтуынша, коммуналдық қызмет түрінің қымбаттауы биылғы шілде айында көтерілген көгілдір отынның бағасына тікелей байланысты. 

"2016 жылғы бірінші шілдеден бастап, энергетика министрінің бұйрығымен  газдың бағасы көтерілген. Біз сол 1 шілдеден бастап көтерілген газға сәйкес, олардың берген өтінімдеріне 1 қаңтарға дейін көтермей ұстап тұрамыз деп келісіп келдік, тариф тек қана 1 қаңтардан бастап көтеріледі", - дейді ол.

Бұған дейін шымкенттіктер жылудың әр шаршы метрі үшін 109 теңге 67 тиын төлеп келген. Енді жаңа тарифке сәйкес, шаршы метрі 122 теңге 83 тиын болып бекітілген. Ал, электр энергиясы, көгілдір отын және ауыз су бағасында өзгеріс жоқ.

"Коммуналдық қызметтің бұл түрлері сол күйінде қалып отыр. Бағаны бір деңгейде ұстап тұруға әкімдік пен монополист компаниялардың өзара келісімі оң нәтиже берген",  – дейді Б. Аталықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу