Шымкентте жаңадан құрылған аудан құрамына 21 елдімекен енді

671

Қаладағы бесінші ауданға "Тұран" атауы берілді. Ол 9 секторға бөлінген.  

Шымкентте жаңадан құрылған аудан құрамына 21 елдімекен енді Фото: gov.kz

Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны - 220,7 мың, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ауданға 21 елдімекен мен тұрғын алабы және орталық аумақтар кіреді.

Атап айтқанда, олар: Арғымақ ш/а, Ақжар ш/а, Айкөл ш/а, Ақтас ш/а, Ақтас-2 ш/а, Агропром ш/а, Жаңаталап ш/а, Қорғасын-1 ш/а, Қазығұрт ш/а, Құрсай ш/а, К.Маркс ш/а, Наурыз ш/а, Отырар ш/а, Спорт ш/а, Самал-1 ш/а, Кіші Самал ш/а, Түркістан ш/а, 112 орам, №3, №4, №8 шағын аудандары мен орталық аумақтар.

533 даңғыл мен көше болса, тұрғын үйлер саны - 39 357. Соның ішінде көп қабатты үйлер 526, ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ бар.

Жаңа аудан әкімдігінің мекен-жайы: Байтұлы баба, 12А.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу