Шымкентте "Скат" жеке әуе компаниясына қарасты 4 қабатты жаңадан салынып жатқан терминалдан өрт шықты. Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, терминал шатырындағы ағаш бөренелер жанып, өрт 270 ш.м. аумақты шарпыған.
"Өрт сағат 07:27-де оқшауланын, сағат 07:35-те толығымен сөндірілді.Өрттің шығу себептері анықталуда",– деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдай орын алғаны туралы қоңырау тиісті орынға 25 тамыз сағат 06.55-те түсіпті.
"101" қызметіне Абай ауданы, Бақбаева көшесі н/з мекенжайында, әуежай жанында орналасқан "Скат" жеке әуе компаниясына қарасты 4 қабатты жаңадан салынып жатқан терминалда өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына №2 шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД 13 техника, жеке құрамнан 40 адам, аппаттық медициналық орталығының қызметкерлері жөнелтілді. Сондай-ақ, №55652 әскери бөлімінен 6 қызметкер мен 2 дана техника және Әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер мен 2 дана техника жұмылдырылды",– дейді департаменттен.