Шымкентте жанармай сататын екі компания бензин бағасын өсіріп жіберді

1202

Шымкентте жанармай сататын екі компания бензин бағасын өсіріп жіберді

Шымкентте жанармай сататын "Газпромнефть" пен "Helios" компаниялары бензин бағасын қымбаттатып жіберді. Аталған жанармай бекеттерінде халық көп тұтынатын АИ-92 бензині 162-163 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат..

"Газпромнефть" пен "Helios" компанияларының өкілдері бағаны көтеруге басшылары тарапынан тапсырма алғанын айтты. Сөйтіп 2-3 теңгеге қымбаттатқан. Ал нақты себебін түсіндіре алмады",- деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары. 

Қазір компания басшыларына хат жолданып, бағаны өсіру себептері анықталуда.

Ал өңірдің "Жанар-жағармай қауымдастығы" төрағасы Қайыпбек Қамбаров болса өзге жанармай бекеттерінде бензин бағасы өзгермегенін айтады.

"Менің ойымша, қыс ауасында бағаны күрт көтеру дұрыс емес. Оған себеп, бізде нақты мәлімет жоқ. Қай компанияға қанша бензин беріліп жатыр, қанша компанияға жетпеуде, ол жағын білмейміз. Нақты бір жүйе жоқ. Сол жағын ретке келтірсе дұрыс болады",- дейді Қайыпбек Қамбаров.

Еске салайық, күні кеше кейбір ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде Шымкенттегі бензин бағасы 4 теңгеге көтеріліп, АИ-92 162 теңгеден  сатылып жатқаны жөнінде ақпарат тараған еді. Артынша өңірдің Кәсіпкерлік басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып,  қалада жанармайдың бұрынғы бағамен босатылып жатқанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу