Шымкентте жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел сотталды

123

Сотталушы өзіне жеңілдеу жаза тағайындауды сұрады. 

Шымкентте жанжал кезінде азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел сотталды Фото: gov.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған С.-қа қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

С. 2024 жылғы 5 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласы, Таскен шағын ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі жолдасы – жәбірленуші Р.-мен спирттік ішімдік ішу барысында араларында жеке бас араздықтың салдарынан жанжал туындаған. Содан сотталушы асхана пышағымен жәбірленушінің кеуде торына бір рет соққы берген. Нәтижесінде жәбірленуші алған ауыр дене жарақатынан оқиға орныда қайтыс болған.

Өзінің мойындап берген және жәбірленушінің, куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен дәлелденеді.

Прокурор С.-ға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарабы прокурормен келісті.

С.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәсін толық мойындағанын, шын көңілден өкінгенін, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде оның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерді алкогольден масаң күйде жасағандығын назарға алды.

Сот С.-ны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу