Шымкентте жаппай төбелестен кейін 60-қа жуық адам полицияға жеткізілді

399

Бір адам пышақ жарақатын алған.

Шымкентте жаппай төбелестен кейін 60-қа жуық адам полицияға жеткізілді Фото: rawpixel

Шымкентте 3 ақпанда шамамен сағат 02:00-де "Пандора" түнгі клубында жаппай төбелес болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, клуб клиенттерінің жанжалы төбелеске ұласып, бір адам пышақ жарақатын алған.

"60 шақты адам полицияға жеткізілді. Барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Ал түнгі клуб ғимаратының иесі мен жалға алушы мұндай жайттардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу