Шымкентте жас қызды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатыр

130

11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. 

Шымкентте жас қызды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатыр   Фото: Шымкента ПД видеосынан скрин

Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті түсінік берді.

– Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу