Шымкенттегі ИЧ-167/2 түзеу мекемесіне келген 1997 жылы туылған азамат түрменің негізгі қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған. Алайда оның әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Және де қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында жас жігіт құрықталды. Еңбекші аудандық ПБ қызметкерлерімен бірге Б. есімді азаматты куәгерлермен тінту кезінде оның шалбарының сол жақ қалтасынан шаппа пышақ пен скотчқа оралған зат тәркіленіп алынды. Ашып қарау барысында ішінен хош иісі бар кептірілген жасыл түсті ұнтақталған есірткі затына ұқсас зат анықталған.
"Шымкент қаласының 1997 жылы туылған азаматы ИЧ-167/2 мекемесінің негізгі қоршауынан мекеменің ішкі аймағына тыйым салынған заттарды лақтыруға әрекеттенген кезіңде ұсталды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жансая Тәуекелқызы