Шымкентте жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті

252

Оқиға орнына құтқарушылар шақырылып, арнайы құралдардың көмегімен құтқару операциясы жүргізілді.  

Шымкентте жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкент қаласында 14 жастағы жасөспірім жеке тұрғын үй аумағындағы терең құдыққа құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құдықтың тереңдігі шамамен 12 метр болған. Ішінде су болмаған.

– Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықтарды пайдаланып, зардап шеккен баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Сондай-ақ ашық құдықтар, люктер мен басқа да қауіпті нысандардың маңында сақ болу қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу