Шымкентте жасөспірім қыз егіз інілерін өрттен аман алып қалды

664

Шымкент қаласында 12 жасар қыз құтқарушылар келгенге дейін егіз інілерін жанып жатқан үйден алып шықты, деп жазады inbusiness.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап. 

Шымкентте жасөспірім қыз егіз інілерін өрттен аман алып қалды

Оқиға өткен жұма түнде Қайнарбұлақ саяжай алабында болған. Ата-анасы балаларын ұйықтатып, көрші үйге сүт алуға кеткен.

Жасөспірім қыз орындық жанып жатқанын байқаған. Өздігінен өртті сөндіруге тырысқанымен, жалын қуаты күшті болды. Өрт шыққан бөлмеде бір жасар егіз інілері ұйықтап жатады. Қыз бала бір інісін көтеріп алып, далаға алып шығады. Одан кейін қорқынышын жеңіп, жанып жатқан үйге оралады да, екінші інісіне көмектеседі. 

"Балаларды қолына ұстап алып, кезек кезекпен екеуін үйден шығара бастады. Одан соң маған "Анашым, кешірші, інімді алып шыққан кезде оны жерде қалдырдым. Себебі әрі қарай жүгіру керек болды, кешіріңізші". Шынымды айтсам, мен шошып кеттім. Өзі бала ғой, қорқып, қашып кетуі де мүмкін еді. Бұл жағдайдан кейін біразға дейін оның аяғы дірілдеп қорықты. Содан кейін біз балаларды көршімізге апардық, үй толығымен өртеніп кетті деп айтпадық", – деп еске алады Мария Саворовская.

Құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіруге көршілері көмектескен. Қалалық Төтенше жағдай департаменті хабарлағандай, өрттің шығуына кондиционердегі сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған.

Қайырымды бір адам бұл отбасыға көмек қолын ұсынды. Үш баласы бар отбасыға уақытша баспана және азық-түлікпен көмектесті. Бүгінде балалардың жағдайы жақсы, ата-анасы өртеніп кеткен үйді қалпына келтіруге күш салуда. Оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, қажетті заттарды сатып алу керек. Өрт салдарынан барлық мүлік түгел дерлік отқа оранған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу