Шымкенттің белсенді жастары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ерекше флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды 24 Хабар.
Қаздай тізілген 250 студент "Мен Қазақстанды сүйемін" деген жазу құрастырды. Шараға қатысқан әрбір жастың жанарынан Отанға деген сүйіспеншілік сезімі байқалады. Азат елдің арманшыл ұрпағы осылайша барша жұртты тұғыры биік Тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлттық рәміздеріміз ұлықталды. Ал осы күні Кентау қаласында көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта Ту таратылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу