Шымкентте Әскери комиссариат пен "Жасұлан" әскери мектебі ашылады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Әскери мекемелерге арналған нысанды салу үшін қазір жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әскери қызметшілерді құттықтау салтанатты жиынында мәлім етті.
"Еліміздегі әскери күшіміздің мығым болуы үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі — Шымкентте алдағы уақытта салынатын әскери комиссариат ғимараты мен "Жас Ұлан" мектебі. Қазір олардың жобасы дайындалуда. Сонымен қатар, полиция департаменті және өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаттығатын спорт кешені салынады", – деді қала әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу