Шымкентте жасырын цех көлік нөмірлерін қолдан жасаған

523

100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.

Шымкентте жасырын цех көлік нөмірлерін қолдан жасаған Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді. Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу