Шымкентте жатақхана өртенді

1074

Үйдің қабырғасы 1936 жылы қаланған, барлығы 45 пәтер бар. 

Шымкентте жатақхана өртенді

Шымкентте жатақхана отқа оранды, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Өрт туралы біздің кезекші бөлімге сағат 05:39-да хабар түсті. Жедел жасақ көрсетілген мекенжайға 05:48-келіп жетті. Алауды ауыздықтау үшін жалпы 8 негізгі, 1 штабтық автокөлік және 55 қызметкеріміз жұмылды. Ал өрт таңғы 6:58-де толығымен өшірілді. 2 адам құтқарылды. Адам шығыны жоқ. 1 қабатты үйдің (жатақхана) 240 шаршы метрі, ондағы 2 пәтер толығымен және өзге де пәтерлерге ортақ дәліз, қабырғалары мен төбелері өртенген. Себебі, үйдің қабырғалары барлығы ағаш екен. Тек сырты ғана кірпішпен қаланған",– дейді Шымкент қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Арсланов.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып, шығын көлемі де есептеліп жатыр.

Айта кетейік, Абай ауданына қарасты, Водопьянова көшесі №1 "А" үйдің қабырғасы 1936 жылы қаланған, барлығы 45 пәтер бар. Ал әу баста "Қорғасын" зауытының меншігінде болған жатақхана бүгінгі күні жекешендіріліп, тұрғындарға берілген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу