Шымкентте жедел жәрдем ауруханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

1430

Шымкентте жедел жәрдем ауруханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық ота жасау корпусы пайдалануға берілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, барша медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар мекеме ұжымына жаңа жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.

"Жаңадан салынған корпус науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық техникамен және медициналық құралдармен жабдықталып отыр. Аурухана 2013 жылдан бастап инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасауға қол жеткізіп, сол уақыттан бері мұнда 630 ота жасалды. Бұдан бөлек қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы базасында 90 бүйрек пен 13 бауыр алмастыру оталары жасалды", - деді әкім.

Күнделікті ауруханаға 200-250 науқас медициналық көмекке жүгінеді. Орта есеппен олардың 70-90-ы ауруханаға жатқызылады. Емдеу мекемесі бойынша жыл сайын жүйелі түрде емдік іс-шаралардың инновациялық, жоғары технологиялық әдістері өндіріске ендірілуде.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысына облыстық бюджеттен 3,8 млрд теңге қаралып, салынса, оның 34 нысаны жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу