Шымкентте жедел жәрдем көлігімен жеткізілген науқастарды қабылдамай жатыр

681

Денсаулық сақтау басқармасы желіде тараған видеоға қатысты жауап берді.  

Шымкентте жедел жәрдем көлігімен жеткізілген науқастарды қабылдамай жатыр

Жедел жеткізілген науқастарды қабылдайтын орын болмай, қайтыс болуда. Әлеуметтік желіде таралған видеода автор осылай деп дабыл қағуда. Өзін дәрігер деп таныстырған ол науқастардың жағдайы мүшкіл екенін, оларды қабылдайтын орын жоқтығын айтып, шарасыз күйде екенін жеткізді.

Ал қаланың денсаулық сақтау сақтау басқармасы орын жетіспеушілік мәселесін шешу үшін провизорлық стационарларда қосымша 1500 төсек-орын дайындалғанын алға тартты. Сондай-ақ өзге де медициналық ұйымдардан орындар қарастырылатынын хабарлады.

"Ал видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысы туралы хабарлаймыз", – деп жазылған басқарма ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу