Шымкентте жеке сот орындаушы жарты миллионнан астам теңгені иемденіп алған

165

Ол қаражаттарды өз қажеттілігіне жаратқан. 

Шымкентте жеке сот орындаушы жарты миллионнан астам теңгені иемденіп алған Фото: gov.kz

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер "С" өндіріп алушы "Б"-ға 1 275 000 теңге қаражатын өндіріп беруге міндетті болған.

Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған.

 Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру 15.05.2024ж. тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Жосықсыз жеке сот орындаушысы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу