Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

561

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты Фото: Шымкент ТЖД

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Циолковский көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі ер адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері 100 шаршы метр алаң құлап, 60 шаршы метр аумақта автомобиль сұйықтықтарды жинақтауға арналған сарай, жолаушылар "Газелі" және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары толығымен өртенгенін анықтады.

"Өрт сағат 05:18-де оқшауланып, 06:18-де сөндірілді. 1953 және 1985 жылы туған ер адамдардың мәйіті табылды. Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қызыл жалынды сөндіруге қалалық Төтенше жағдай департаментінің 31 маманы мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу