Шымкентте жекеменшік емханада емделуші ине қабылдау үстінде көз жұмды

983

Полицейдің өліміне нақты не себеп болғанын сот-медициналық сараптамасы анықтап жатыр.

Шымкентте жекеменшік емханада емделуші ине қабылдау үстінде көз жұмды

Шымкентте инъекция салдыруға келген азамат жекеменшік клиникада қайтыс болды, деп хабарлайды КТК.

Қайғылы жәйт екі күн бұрын жекеменшік "Меру-Ис" клиникасында болған. Үйленгеннен кейін төрт жыл бала көтере алмаған ерлі-зайыптылар ем қабылдау үшін осы мекемеге жүгініпті. Алайда бар болғаны екінші сеансында полиция сапында қызмет ететін 30 жастағы Рауан Аманжоловтың хәлі күрт нашарлап, жедел жәрдем жеткенше өмірі қиылды.

Клиниканың дәрігерлері өздерінің кінәсіз екеніне сенімді. Себебі, тура сол дәрілерді 3 апта бұрын салған. Олардың сөзінше, тамырына дәрі құйып жатқан кезде пациентте кенеттен күшті жөтел басталып, 15 минуттың ішінде жүріп кеткен.

Полицейдің өліміне нақты не себеп болғанын сот-медициналық сараптамасы анықтап жатыр.

"Тромбоэмболияға ұқсайды. Өйткен анафилаксиялық шок болатын болса оны дәрілермен шығарып алуға болатын еді. Клиникасы да ұқсамайды. Тромбоэмболия деген ол тромб, тамыр, адам қатты жөтеліп қалған кезде тромб жылжып кетуі мүмкін. Үзіліп кетіп, бір жерде тұрып қалуы мүмкін. Сөйтіп тромб өкпесін немесе жүрегін бітеп тастайды", - дейді жекеменшік клиниканың бас дәрігері Нұрлан Мұсабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу