Шымкентте жекеменшік үйден 4 адамның денесі табылды

651

Қылмыстық  оқиға 12 шілдеде болған.  

Шымкентте жекеменшік үйден 4 адамның денесі табылды

Шымкентте жеке үйдің ауласындағы көліктен екі адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер үйдің ішінде тағы бір ер адам мен әйелдің мүрдесі жатқанын анықтаған

Кешкі сағат 18:20 шамасында Қарабура көшесінің бойындағы нөмірсіз үйдің алдында белгісіз біреу "Toyota Corolla" маркалы автокөлігінің ішіндегі екі ер адамды атып өлтіргені анықталды.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында үйдің қақпасының алдында тұрған көліктен 32 және 40 жастағы екі ер адамның мәйітін тапқан. Олардың атыс қаруынан жарақат алғаны белгілі болған. Тәртіп сақшылары үйдің ішін тексеріп, 40 жастағы еркек пен 28 жастағы әйелдің денесін тапты.

"Оқиға орнында айғақты зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрі және қорғаныс құралы тәркіленіп алынды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 99 және 287-бабы бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Казіргі таңда тергеу органы оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа деректер жарияланбайды" делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу