Шымкентте жемқорлық жасаған полиция департаментінің басшылары сотталды

1428

Күдіктілер өзінің қарамағындағылардан қамқорлығы үшін пара алған.

Шымкентте жемқорлық жасаған полиция департаментінің басшылары сотталды Фото: google.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу