Шымкентте жемқорлыққа барған бірқатар полиция қызметкері лауазымынан босатылды

495

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері патрульдік полиция полкінің инспекторының 70 мың теңге көлемінде ақша алу дерегін құжаттаған болатын.

Шымкентте жемқорлыққа барған бірқатар полиция қызметкері лауазымынан босатылды Фото: polisia.kz

Осыған байланысты полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 қыркүйекте тергеу нәтижелері тәртіптік комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бергені үшін атқаратын лауазымынан босату туралы шешім шығарды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Д.Таев оларды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды.

"Күдікті полк инспекторы полиция беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылды. Ұсталған полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы "пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қамауда. Полиция департаментінің басшылығы бұдан былай заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтын болады", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу