Шымкентте жеңіл көлік пен автобус соқтығысты (Видео)

2148

Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шегіп, бір адам мерт болды.

Шымкентте жеңіл көлік пен автобус соқтығысты (Видео)

Еліміздің үшінші мегаполисіндегі Байтереков көшесі мен Астана даңғылы бойында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 16-қыркүйек күні таңғы сағат сегіздер шамасында орын алды. Апаттан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетті. 

"Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – бала, тоғызы – ересек адам. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азамат оқиға орнында қайтыс болды",– деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу