Шымкентте жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"2 желтоқсанда Жібек жолы көшесінде Nissan Primera автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Бұл жайт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Шымкентте жыл басынан бері 79 адам жол апатының салдарынан қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу