Мекеме шығындарын жабу үшін жергілікті қазынадан субсидия қаржы алғанына қарамастан тарифті төмендетпей, артық пайда тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.
Сондықтан жылу орталығына заңсыз табысты өтем тарифімен қайтару ұсынылды. Бұдан былай төмендетілген жаңа тарифтің енгізілуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бақыламақ. Соның нәтижесінде мегаполисте жылу тарифі алдағы маусымда төмендейді. Шаһарда 2000-нан астам көпқабатты тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.
"Уәкілетті орган да, монополист те уақытша өтемдік тарифті енгізу бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Біздің араласуымыздан кейін Табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментімен "Қуатжылуорталық-3" мекемесіне 280 млн теңге көлемінде айыппұл салды", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Жандос Бекасанов.