Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алу күдігіне ілінді

526

Шенеуніктер 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр.  

Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алу күдігіне ілінді Фото: SN.kz

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшылығына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр.

"Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. Оның орынбасары мен басқарма басшысы жер телімін мемлекет қажеттілігіне алу кезінде бір топ адаммен кәсіпкерден бюджет қаражатын кедергісіз төлеу үшін алдын ала келісім бойынша бес миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", деді Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дәурен Ергарин.

Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын бекіткені хабарланды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәлімет жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу