Шымкентте жер салығы өседі

1935

Енді тұрғындар 1 шаршы метр үшін 9,17 теңге емес,19,3 теңге төлейді. 

Шымкентте жер салығы өседі

Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуы салық төлемдеріне де әсер етті. Өткен жылдың 19 маусымында республикалық маңызы бар қала мәртебесіне өткен шаһарда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы өседі, оның көлемі елордамен теңеседі, деп хабарлайды otyrar.kz.

1 қаңтардан бастап Шымкентте жер салығының мөлшерлемесі шаршы метріне 9,17 теңгеден 19,3 теңгеге өседі. Қазір тұрғындар тұрғын үй қорына алынбаған жердің шаршы метріне 9 теңге 17 тиыннан төлеп келеді. Енді осы мөлшерлеме 19 теңге 30 тиынға ұлғаяды.

Ал тұрғын үй қорына алынған жердің шаршы метрі үшін 0,96 теңгеден салық төлейді. Сондай-ақ, Шымкентте тұрғынжайдың базалық мөлшерлемесі бір шаршы метріне 60 мың теңге болады.

Бұдан бөлек, Түркістанда жер салығы 9,17 теңгеден болса, тұрғын үй қорындағы жердің шаршы метріне 0,58 теңгеден есептеледі. Тұрғынжайдың шаршы метріне 36 теңгеден белгіленген.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкенттің кіріс мөлшері шығысынан асып түседі. Ел үкіметінің жоспарына сәйкес, Шымкент 2025 жылға қарай донор қалаға айналуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу