Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткендерге қатысты сот үкімі шықты

176

Мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгені құрады.

Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткендерге қатысты сот үкімі шықты Фото: fcc.kz

Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткендерге қатысты үкім шықты. Кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылып,  коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі шықты.

Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасаған.

"Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды", – деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу