Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты тергеу басталды

736

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлады "Антикор"

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты тергеу басталды

"Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, яғни тергеу мүддесі үшін жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу