Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған шенеунік 9 жылға сотталды

285

Ол 367 миллион теңгеден астам қаржыны ұрлады деп айыпталды.  

Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған шенеунік 9 жылға сотталды Фото: видео скриншот

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сот отырысында ұсталған шенеунікке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соттың дерегіне сенсек, тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге және олардың сейсмикалық төзімділігіне технологиялық сараптама жүргізуге бөлінген 367 миллион теңгеден астам қаржыны ұрлады деп айыпталды. 

Тергеушілердің айтуынша, ол ұрланған ақшаны монша кешенін салып, оны ата-анасының атына рәсімдеген, сол себепті оған да қылмыстық кірісті заңдастыру бабы бойынша айып тағылған. Онымен бірге ақшасын қайтарып алған жеке кәсіпкер ұрлық жасағаны үшін сотталды.

"Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, ҰҚК қорытындысымен, мамандар мен сарапшылардың қорытындыларымен, сондай-ақ іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді", – деді сот.

Шенеунік мүлкін тәркілеумен 9 жылға, ал кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу