Шымкентте жол апатынан 3 адам қаза тапты

863

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Шымкентте жол апатынан 3 адам қаза тапты

Шымкентте жол апаты салдарынан 3 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 наурыз түнде Абай ауданында болған.

"Әл-Фараби көшесі мен Алматы тас жолының қиылысында Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra көліктері соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық бірнеше адам көліктерден шығып қалған. Оқиға орнында 3 адам көз жұмған. Жол апаты болған жерге 5 жедел жәрдем көлігі келген. Зардап шеккен 7 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның бесеуі ересек, екеуі бала", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өртке қарсы қызмет мамандары өрттің алдын алған. Көліктер соқтығысқаннан кейін жанармай ағып, Toyota өртенген.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу