Жүргізушілер жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген, оның ішінде кейбірі терезеден шығып тұрған жолаушыларды алып жүріп, өзінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін елемеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал темір тұлпарға орнатылған маяктар жалған төтенше жағдай тудырып, басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекетімен мұндай бассыздықтың ауыр салдарының алдыны алды. Кортеж қатысушылары досының тойынан шығып, мерекелеуді жалғастырғаны белгілі болды.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қарсы жолаққа шыққандар көлік басқару құқығынан айырылды.
Полиция жолдағы немқұрайлылық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.